27
август
2022
Әдістемелік кеңес отырысы
Тамыздың 27 жұлдызында «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының әдістемелік кеңестін кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе:
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарына 2022 – 2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатты талдау.
Жиналыс барысында бөбекжай-бақшасының әдіскері Жадраева Айжан Малибековна 2021-2022 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар жөнінде есеп берді. Топ тәрбиешілері де өздерінің осы өткен оқу жылындағы атқарған жұмыстары нәтижесіндегі жеткен жетістіктерімен, жаңа оқу жылында алға қойған мақсаттарымен бөлісті.
Тәрбиешілер және педаготар нұсқау хаттың жеке-жеке бөлімдеріне тоқталып, өз пікірлерін ортаға салды. Бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Айманбетова Гульафиза Джуаспаевна нұсқау хаттың негізінде жасалған 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспармен таныстырып, педаготарға жаңа мақсаттар мен міндеттер жүктеді. Жиналыс соңында бөбекжай-бақшасының меңгерушісі ұжым педагогтарына өткен жылдағы жұмыстарын қанағаттанарлық деп бағалай отырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.