Ата -аналарға кеңес » 'Жамбыл облысы Шу ауданы Қонаев ауылы әкімінің аппараты' Education Department of Kerbulak districtнің 'Бәйтерек'балалар бақшасы' коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсәпорны
Жамбыл облысы Шу ауданы
Қонаев ауылы әкімінің аппаратының
"Бәйтерек" балалар бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Reception room :
+7(72) 74-57-15
bookkeeping:
+7(72) 74-57-15
Version for
visually impaired
20
февраль
2024

Ата -аналарға кеңес

Баланыңызбен бірге ойнаңыз
 Бала өміріндегі алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл – ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процесінде жан-жақты қалыптасады. Ойын – тәрбие берудегі ең тиімді тәсілдердің бірі. «Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар. Бала ойын арқылы күш – жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ ұрпақтың тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады. Ойын – оқыту , өсіру, денсаулықты нығайтумен қатар тәрбиеге дағдыландырады. Көпшілік адамдар арасында өмір сүру, айналасына қайырымды, адал болуға, қиналған кезде қол ұшын беруге тәрбиелейді. Басқа адамның сөзін тыңдауға, қуанышын бөлісуге, өз ойымен басқа адамның ойын салыстыра білуге және сыйластыққа, үлкенге жәрдем беріп, кішіге қамқор болуға, не жақсы, не жаман екенін айыра білуге баулу үшін сахналық ойындарды пайдалануға болады. Ойын - өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығ, іскерлігі дамиды. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет. Дене тәрбиесі немесе спорт сабақтарында балаларға ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалаған жөн. Өйткені, мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор. Жан – жақты дамыған денсаулығы мықты дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден – ақ халық дәстүрі. Тәрбиеші балалардың сәби шағынан бастап, дене бітімінің дұрыс жетілуіне мән беріп, дәстүрлі жаттығулар мен қимыл ойын түрлерін қолдана білгені дұрыс. Ойын жас баланың денесінің дұрыс жетілуіне, күшті, төзімді боп өсуіне тигізер көмегі мол. Дене ойындарымен айналысқан балалардың бұзақылық мінез көрсетуіне уақыты болMay, керісінше олардың ой жылдамдығы мен дене бітімі қатар дамып сымбатты, сабырлы болатыны белгілі. Мектепке дейінгі балалардың ойын жаттығуларымен қатар санауға, сөйлей білуге, сөздік қорын байтуға тигізер ықпалы зор.Балалық шақ кезіндегі ойын бұл қызықты әлем. Бұл әлемде әлсіз қорғаны жоқтың мықты қайраты болады, іш пыстыратын және қызықты емес нәрселер көңілді және қызғылықты болып шығады. Бұл кезеңде әр бала өзінің жаман қылықтарын біледі, айналасын өте әдемі, таңғаларлықтай қызықты ете алады. «Менімен ойнашы» деген балалар өтінішін жиі естиміз. Ата – ананалар келісім берген кезде бір минут қасқыр, дәрігер, дүкенші, болып ойнаса, бала қуанып қалады. Балалар қиялдау арқылы ойдан түрлі ойын шығарады. Ойын арқылы балалардың шығармалық ой – қиялы, елестету қабілеті шарықтайды.Ойын – тәрбие құралы.Ойынның арқасында жан-жағын қоршаған орта балаға қостаушы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі бала белсенді, ой – түсінігі мол болып, өзінің тәртібін басқара білсе, мектепте жақсы оқиды., бір мақсатқа жетемін деген ынтасы болса,бала бойындағы талпынысты дамытуға баса назар аударуымыз керек.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив