Әдістемелік жұмыстар - 'Жамбыл облысы Шу ауданы Қонаев ауылы әкімінің аппараты' коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 'Бәйтерек'балалар бақшасы' коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсәпорны http://shu-baiterek.balabaqshasy.kz/ ru Әдістемелік жұмыстар - 'Жамбыл облысы Шу ауданы Қонаев ауылы әкімінің аппараты' коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 'Бәйтерек'балалар бақшасы' коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсәпорны DataLife Engine Әдістемелік кеңес отырысы http://shu-baiterek.balabaqshasy.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/85-dstemelk-kees-otyrysy.html http://shu-baiterek.balabaqshasy.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/85-dstemelk-kees-otyrysy.html Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарына  2022 – 2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатты талдау.
 Жиналыс барысында бөбекжай-бақшасының әдіскері Жадраева Айжан Малибековна 2021-2022 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар жөнінде есеп берді. Топ  тәрбиешілері  де өздерінің осы өткен оқу жылындағы атқарған жұмыстары нәтижесіндегі жеткен жетістіктерімен, жаңа оқу жылында алға қойған мақсаттарымен бөлісті.
 Тәрбиешілер және педаготар  нұсқау хаттың жеке-жеке бөлімдеріне тоқталып, өз пікірлерін ортаға салды. Бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Айманбетова Гульафиза Джуаспаевна  нұсқау хаттың негізінде жасалған 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспармен таныстырып, педаготарға жаңа мақсаттар мен міндеттер жүктеді. Жиналыс соңында бөбекжай-бақшасының меңгерушісі  ұжым педагогтарына  өткен жылдағы жұмыстарын қанағаттанарлық деп бағалай отырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.]]>
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарына  2022 – 2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатты талдау.
 Жиналыс барысында бөбекжай-бақшасының әдіскері Жадраева Айжан Малибековна 2021-2022 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар жөнінде есеп берді. Топ  тәрбиешілері  де өздерінің осы өткен оқу жылындағы атқарған жұмыстары нәтижесіндегі жеткен жетістіктерімен, жаңа оқу жылында алға қойған мақсаттарымен бөлісті.
 Тәрбиешілер және педаготар  нұсқау хаттың жеке-жеке бөлімдеріне тоқталып, өз пікірлерін ортаға салды. Бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Айманбетова Гульафиза Джуаспаевна  нұсқау хаттың негізінде жасалған 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспармен таныстырып, педаготарға жаңа мақсаттар мен міндеттер жүктеді. Жиналыс соңында бөбекжай-бақшасының меңгерушісі  ұжым педагогтарына  өткен жылдағы жұмыстарын қанағаттанарлық деп бағалай отырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.]]>
admin Sat, 27 Aug 2022 15:48:40 +0600
Дыбыстар әлемінде.М әрпі мен дыбысы. "Қарлығаш" МАД тобы http://shu-baiterek.balabaqshasy.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/51-dybystar-lemndem-rp-men-dybysy-arlyash-mad-toby.html http://shu-baiterek.balabaqshasy.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/51-dybystar-lemndem-rp-men-dybysy-arlyash-mad-toby.html Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу.

Тақырыбы:Дыбыстар әлемінде.М әрпі мен дыбысы.

Әдіс –тәсілдер:Түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ жасыру,топтық жұмыс.

Мақсаты:Дыбыстар мен әріптер туралы түсінік беру,оларды бір –бірінен айыра білуге үйрету.Дыбыстау арқылы әріптерді айтқыза отырып ,әріп сырын  ұғындыру.Балалардың ойын,сөздік қорындамыту.Дыбыстарға сөз ойлап табуға дағдыландыру.

Көрнекіліктер:М әрпі,балалардың мінез –құлық суреттері,мысық, құлын, лақ,мектеп суреті.

Шаттық шеңбері.

             Күннің көзі ашылсын,

             Көкке шуақ шашылсын.

             Амандасу үлкенмен,

             Тәрбиенің мәні ғой.

             Алдыменен ,балалар ,

             Амандасып алайық.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

-Күз мезгілі

-Күз мезгілінде жапырақтардың түсі қандай болады?

-Түрлі-түсті.

-Жарайсыңдар, балалар, менің қолымдағы дорбада сендерге тосын сый бар.Бір-бірлеп дорбадан сыйларыңды алыңдар,қандай түсті жапырақ қолдарыңа іліксе сондай түсті столға баруларыңды өтінемін.

Жұмбақ жасыру.

          Білімнің мол сый –асы.

          Балғындардың ұясы.      (Мектеп)

Мектептің суретін көрсету.

1.Мектеп  сөзін буынға бөлу

2.Неше дыбыс екенін анықтау.

3.Дауысты дыбысты анықтап,дыбыстау.

4.Дауыссыз дыбысты анықтап, дыбыстау

5.Сызба арқылы мектеп сөзіне 3-4 сөйлем құрау.

Балалардың назарын суретке назар аударту.

Балалар суреттегі балалардың іс-әрекетін   әңгімелейді.

Өлең оқып беру.

            Ана тілін аламын,

           Әке тілін аламын.

           Қартқа қамқор боламын,

           Мен әдепті баламын.        (Ертай Ашықбаев)

Балаларға өлең жолын түсіндіру.

Мысалы; жерге қоқыс тастауға болама ?,болмайды.

Дөрекі ойнауға болама?,  болмайды.

Дидактикалық ойын. 

Тақырыбы: Болады ,болмайды.

Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға сөйлем айтады,сөйлемнің соңғы сөзін балалар болады,  болмайды  сөздерімен жалғастырып айтады.

Нан қоқымын шашуға...

Анамызға көмектесуге...

Кіші балаларға көмектесуге...

Топта жүгіруге...

Қатты дауыстап сөйлеуге...

Сергіту сәті.  

Ал кәнеки тұрайық,қолды белге қойайық,

Бұрылайық оңға бір ,бұрылайық солға бір

Құстай қанат қағайық,ұшып –ұшып алайық

Ал енді тезірек,орнымызға қонайық.

Мысық,құлын лақ сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Жұмбақ жасыру.

Еріксе- құйрығымен ойнайды,  Ерінсе –ұйқыға бір тоймайды.  (мысық)

Мысық сөзі қай дыбыстан басталып тұрғанын сұрау.

М әрпімен таныстыру,м дыбысын айту.   (3-4 қайталау.)

М дыбысын айтқанда ерін бір-біріне қатты тиеді.Тіл ауыз қуысында еркін жатады.

М үнді дауыссыз дыбыс.

М дыбысына не ұқсайтынын суреттер арқылы көрсету.

  Топтық жұмыс.(қарындаш,жіп,санағыш таяқша,ермексазды  пайдаланып

 М әрпін құрастыру.

Дидактикалық ойын: Кім жылдам?

Ойын шарты:  М дыбысынан басталатын заттарды, м әрпімен сәйкестендіру.Балалар затты суреттердің арасынан м  дыбысынан  басталатын заттарды тауып орналастырады.(жылдам орындаған топққа жұлдызша тартып беру)

Блингвалды компонент:   Мысық-кошка,маса-комар,маймыл-обезян,моншақ- бусы.

М әрпіннің баспа түрін жазу.

Оқу іс –қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Балаларды мадақтап,  жапырақта жасырылған тосын сыйларын ашуларын өтіну.


]]>
]]> admin Mon, 22 Nov 2021 16:41:55 +0600