Кезекті есеп

Қазақстан Республикасы The presidentінің 26 желтоқсандағы 2014 жылғы № 986 жарлығымен "Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегисы» бекітілді.Осыған байланысты жоспарға сәйкес ҚР 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау мақсатында «Бәйтерек» балабақша ұжымы және ата-аналар комитеті алдында бөлінген қаржыны жұмсау бойынша 2020 жылдың 29 қыркүйегінде балабақша меңгерушісі Г.Д.Айманбетова есебін Онлайн режимінде ата-аналарға және ұжымға ұсынды.
«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына» орай , сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Қазақстан Республикасы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 29-тармағын орындау мақсатында, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымның 2020 жылдың ақпан-қыркүйек айларында жанбасына шаққандағы мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінген қаржыны жұмсау бойынша есеп беруім төмендегі көрсеткіштермен баяндаймын (Мысалы тамыз айын алдым):
1. Ай сайынғы аударымдар :
а) Еңбек ақы -3638000 теңге
Оның ішінде:
- Зейнетақы қоры,10%-358000 теңге
- Профсоюз аударымы,1%-36000 теңге
- Салық аударымдар,10%-101000 теңге
- Медициналық аударым,1%-33000 теңге
б) Электр жарығына -50000 теңге
в) Комммуникация қызметіне-19 000 теңге
2. Жыл бойы қызметтерге және қызметкерлерге төленетін қаржы аталған 6 ай аралығында:
а) Қызметкерлердің медициналық тексерістен өтуі үшін -253097 теңге
б) СЭС шаруашылық қорытындыға -89440 теңге
в) Дезинфекциялауға – 380000 теңге
г) Бейнебақылау қызметіне – 210000 теңге
д)Медикаменттерге – 57120 теңге
с)Турникетке – 480000 теңге
ж) Шатрыдың ағашын залалсыздандыруға – 230000 теңге
з) Өрт сөндіру құралдарының қызметін қамтамасыздандыру -150000 теңге
и/ Еңбек демалысына шыққан 6 ай ішінде барлық қызметкер саны – 32 адам:
- Сәуір -8
- Мамыр – 13
- Маусым – 8
- Шілде – 2
- Тамыз – 0
- Қыркүйек – 1 демалыс ақысы сауықт.ж/а
Оның ішінде пед.персонал – 18 3873876 1991055
тех.персонал – 14 1082383 568123
жалпы сомасы /тенге/ : 4956259 2559178
Бүгінде 2020 жылдың 1қазанына Евразийский банкте балабақшаның есеп шотында 2200000 тенге көлемінде қаржыны жылыту маусымына (қатты отыңға) КазЭнерго экспертиза, Еңбек қорғау инспекциясы және негізгі құрал-жабдықтарды жөңдеуге (топтардың Аристондары істен шығуына байланысты), шаруашылық химиялық және дезинфекциялық заттарға мемлекеттік сатып алу порталына шығу әрекетін жасаудамыз; т.с.с. шығындарға қазан айында қарастырып жатырмыз.