Талайды таңқалдырған таэквондошы
Нұрасыл өзінің алғашқы кездесуінде украиндық қарсыласынан басым түссе, жартылай финалда түркиялық спортшыны сан соқтырған. Ал, ақтық сында татами иесінен айласын асырып, кезекті мәрте жеңімпаз болып отыр. Осылайша, байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды көкте желбіретіп, Гимнімізді асқақтатып қайтты. Нұрасыл Қуандықты алғашқы ұстазы Марат Тілеуқұлов бастаған шулық спортшылар үлкен құрметпен күтіп алды. Алғашқы ұстазы деп екпін түсіруіміздің де өзіндік